TANECO Кубогы: “Барыс” үшінші орынға таласады

Хоккей
“Барыс” ХК
Бүгін Қазанда өтіп жатқан TANECO-2023 Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Астаналық “Барыс” жарыстың қола жүлдесін ярославілік “Локомотивпен” сарапқа салады. Екі клуб турнирдің алғашқы күнінде бір-біріне қарсы ойнап, “Локомотив” 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді. “Барыс” құрамынан жалғыз голды Райли Барбер соққан болатын.
Андрей Скабелка шәкірттері турнирдің іріктеу сынындағы үш матчта да жеңіліс тапқанын айта кетейік.
Қазандағы маусымалды турнирінің үшінші орын үшін матчы Астана уақытымен 13:00-де басталады.