“Арлан” тағы да “Номадтан” басым түсті
Хоккей
Қазақстан чемпионаты жаңа маусымына дайындық барысында көкшетаулық “Арлан” мен астаналық “Номад” екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Арлан” (Көкшетау) - “Номад” (Астана) - 4:2 (3:1, 1:0, 0:1)
0:1 - 07:48 - Тетерин (Бойко, Недилько)
1:1 - 12:48 - Гренц (Пархоменко, Дюкарев)
2:1 - 14:56 - Соколов (Степаненко)
3:1 - 17:52 - Бейсембаев (Свинтальский, Соколов)
4:1 - 22:35 - Чапоров (Басимов)
4:2 - 58:00 - Нұрлан (Пелевин)
Қақпашылар: Шефер - Базарбеков (Дубинскас, 17:52 - 60:00)
Айта кетейік, екі команданың алғашқы жолдастық матчында көкшетаулық клуб 2:1 есебімен жеңіске жеткен.