Леонид Тамбиев “Барыс” легионері туралы ойымен бөлісті

Леонид Тамбиев “Барыс” легионері туралы ойымен бөлісті
Хоккей

“Адмирал” бас бапкері Леонид Тамбиев “Барыстың” Райли Барбермен келісімшарт жасасуы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

- “Барыс” жылына 55 млн рубль ұсынып, америкалық форвард Райли Барберді қатарына қосына. Неліктен Райли Барбер Владивостокқа емес, Қазақстанға бара жатыр?

- Біріншіден, легионерлпр қоғамдық пікірден қорқады. Екіншіден, Владивосток. Ал үшінші себеп - қаржы. 

- 55 млн рубль беруге дайын емессіздер ме?

- Біздің жалақы есебіміз бәріне мәлім. Сондықтан бұл мүмкін емес. Әрі мен қаржы мәселелерін талқыламаймын. Жеке өз басым мұндай хоккейшілерге осындай үлкен жалақы ұсынар едім, бірақ қаржыға мен жауапты емеспін.

Дереккөз: Матч ТВ