Роман Калмыков “Бейбарысқа” ауысты

Роман Калмыков “Бейбарысқа” ауысты
Хоккей

Қақпашы Роман Калмыков атыраулық “Бейбарысқа” ауысты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Shaiba.kz сайтының жазуынша, атыраулық клуб ойыншыны “Номадтан” жалға алған.

22 жастағы қақпашы өткен маусымның көп бөлігін “Номад” сапында өткізіп, 14 матчта қақпа күзеткен. Ал плей-офф кезеңінде ол “Бейбарыс” намысын қорғап, 10 матчта өнер көрсетті. 

Сонымен қатар, қақпашы топ-дивизиондағы әлем чемпионатына дайындық барысында Қазақстан құрамасымен жаттығу жасады.