Екі министр де Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растады

Екі министр де Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растады
Қысқы спорт

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пенМәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Үкіметтің кулуарында Ресейдің жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның Қазақстан азаматтығын алғанын растады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жақында спортшы Самоделкина Қазақстан азаматтығын жалпы тәртіппен қабылдады, өйткені оның анасы – Қазақстан азаматы, - деді Марат Ахметжанов.

Ал Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та Софья Самоделкинаның ешқандай қиындықсыз Қазақстан азаматтығын алғанын растады.

Софья Самоделкина азаматтық алды. Бірақ қазір ол ұлттық құраманың құрамына қосылмаған. Дегенмен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде жарыстарға қатысуға, жаттығуға қақы бар. Ұлттық құрамаға іріктеудің де өзіндік тәртібі болады. Қазір құрамаға іріктеу туралы мәселе күн тәртібінде жоқ, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің 10 спортшысы Қазақстан азаматтығын алып үлгерген. Софья Самоделкина 2007 жылы туған. Ол Светлана Соколовская деген жаттықттырушының қарамағында жаттыққан. 2021 жылы Словенияда жасөспірімдер арасында өткен Гран-при жарысының күміс жүлдегері, 2002 жылы Ресей біріншілігі кұміс жүлдесінің иесі болған.