Елдегі барлық мектептердің спорт алаңдары тексеріледі

Елдегі барлық мектептердің спорт алаңдары тексеріледі
Футбол

Астанадағы мектептің футбол алаңында үстіне қақпа құлап, 10 жасар баланың мерт болуынан кейін елдегі барлық білім ордаларының спорт алаңдары тексерілетін болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. 

“Білім басқармалары кешеден бері барлық мектептің спорт алаңдарын тексеріп жатыр. Тек Астананың ғана емес, еліміз бойынша барлық мектептің спорт алаңдары мен құрал-жабдықтары тексеріледі”, - деді Оқу-ағарту министрі.

Астана мектебіндегі футбол алаңындағы баланың өліміне кінәлілерді тергеу анықтайды, деп мәлімдеді министр. 

 Еске салайық, елордада 10 жастағы балаға футбол қақпасы құлап қайтыс болды. Қайғылы жағдай №10 мектептің аумағында болған еді.