Саудиялық клуб Неймарға 300-400 млн еуро жалақы ұсынды

Саудиялық клуб Неймарға 300-400 млн еуро жалақы ұсынды
Футбол

Чемпионат.com

Жақында Неймардың “ПСЖ-дан” кетіп, “Барселонаға” кетісі келетіні туралы ақпарат тарап, футболшы бұл туралы франциялық клуб басшылығына айтты деген мәлімет жайылған еді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әйтсе де, Footmercato жазуынша, бразилиялық футболшының мансабын жалғастыруына тағы бірнеше нұсқалар бар көрінеді. Дереккөз мәліметінше, Неймар Сауд Арабиясы клубынан жалақысы 300-400 млн еуро болатын ұсыныс алған. 

Сонымен қатар, RMC ақпаратына сүйенсе, футболшы өкілдері “Челсимен” келіссөз жүргізіп жатыр. Ал “ПСЖ” жаңа бапкері Луис Энрике Неймардың командада қалғанын қалайды. Оның “Барселонаға” қайта оралуы әбден мүмкін болғанымен, Хави бұл идеяны құптамайтын көрінеді. 

“ПСЖ” жұлдызды ойыншысына қатарына қосуға бразилиялық клубтар да қызығушылық танытып отыр.