Никита Михайлис “Металлургте” нешінші нөмірмен ойнайды
Хоккей
“Барыс” ХК
Магнитогорскілік “Металлургтің” жаңа хоккейшілері командада нешінші нөмірмен ойнайтындарын таңдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Биылдан бастап бұл командада қазақ хоккейшілері Никита Михайлис рен Максим Мухаметов өнер көрсетеді.
Шабуылшы Никита Михайлис жаңа клубында “11” нөмірмен ойнайтын болды. Ал Максим Мухаметовтың таңдауы “23” санына түсті. Бұл оның “Номадтағы” ойын нөмірімен бірдей, Никита Михайлис болса, “Барыста” оныншы нөмірмен ойнайтын.
Еске салайық, екі хоккейші де “Металлург” сапына биыл қосылды. Сонымен қатар, магнитогорскілік клубта тағы бір қазақ хоккейшісі - қорғаушы Валерий Орехов та ойнайды.