Ресми: Садио Мане - “Әл-Наср” ойыншысы

Ресми: Садио Мане - “Әл-Наср” ойыншысы
Футбол

Getty Images

“Баварияның” сенегалдық шабуылшысы Садио Мане саудиялық “Әл-Наср” ойыншысы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы клуб Twitter-дегі парақшасында жазды. 

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, клуб 31 жастағы футболшының трансфері үшін мюнхендік командаға 40 млн еуро төлеген. Маненің өзі саудиялық клубпен жылына 40 млн еуро жалақы алатын келісімге келген. 

Өткен маусымда сенегалдық форвард 38 матчта 12 гол және 6 паспен көзге түсті.