Роналду баспен гол соғу бойынша Мюллердің рекордын жаңартты

Роналду баспен гол соғу бойынша Мюллердің рекордын жаңартты
Футбол

“Әл-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду тағы бір рекорд жаңартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Португалиялық форвард ресми матчтарда баспен гол соғу бойынша Герд Мюллердің көрсеткішін басып озды. “Монастирға” қарсы болған ойында нәтижелі соққымен көзге түскен. Бұл гол оның ресми матчтарда баспен қақпа торына жіберген 145-добы болды. Ал бұған дейін осы көрсеткіште көш бастаған Герд Мюллердің еншісінде 144 гол бар еді. Ал үздік үштікті испаниялық Карлос Сантильян түйіндеп тұр - 126.