Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты

Роналду маусымдағы алғашқы голын соқты
Футбол

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду 2023/2024 жылдар маусымындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Ол Араб чемпиондары клубтық кубогы аясында саудиялық “Әл-Насрдың” тунистік “Монастир” қарсы өткізген матчында нәтижелә соққымен көзге түсті. Криштиану Роналду ойынның 74-минутында гол соқты. Бұл саудиялық клубтың матчтағы екінші голы еді. 

Роналдудан өзге, “Әл-Наср” сарынан Андерсон Талиска, Абдулелах Әл-Әмри мен Абдулазиз Әл-Элевай гол соқты.