“Снежные Барсы” ЖХЛ-дағы алғашқы қарсыласын білді

“Снежные Барсы” ЖХЛ-дағы алғашқы қарсыласын білді
Хоккей

“Снежные Барсы” араға үш жыл салып Жастар хоккей лигасына қайта оралады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстандық команданың жаңа маусымдағы алғашқы қарсыласы мен матч өтетін күні белгілі болды. “Барыстың” жастар командасы маусымды 4-5 қыркүйек күндері сырт айдында “Красноярские Рыси” ұжымына қарсы болатын ойынмен бастайды. Елордалық хоккейшілердің жаңа маусымда өз айдынында өткізетін матчтары 13-14 қыркүйекте болады. Қарсылас - “Локо-76” командасы.