Саян Даниярдың мансабын қайда жалғастыратыны белгілі

Саян Даниярдың мансабын қайда жалғастыратыны белгілі
Хоккей

Ресейлік “Тамбов” клубымен келісімшартын үзген қазақстандық шабуылшы Саян Даниярдың мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Shaiba.kz сайтының жазуы бойынша, Саян Данияр келер маусымда өскемендік “Торпедо” сапына өнер көрсетуі мүмкін. 

23 жастағы шабуылшы өткен маусымда қарағандылық “Сарыарқа” сапында ойнап, Қазақстан чемпионаты 39 матчында 26 (13+13) ұпай еншілесе, плей-оффтың 7 ойынында 3 (1+2) ұпайды олжалады.