Бенземаның голы “Әл-Иттихадқа” жеңіс сыйлады

Бенземаның голы “Әл-Иттихадқа” жеңіс сыйлады
Футбол

Getty Images

Араб чемпиондары Кубогы топтық кезеңі екінші туры аяқталып, “Әл-Иттихад” тунистік “Сфаксьен” клубымен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Матчта 1:0 есебімен “Әл-Иттихад” жеңіске жетті. Ал ойындағы жалғыз голды 63-минутта шабуылшы Карим Бензема соқты. 

Еске салайық, Карим Бензема “Эсперансқа” қарсы болған бірінші тур матчында 1 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түскен. Ал франциялық шабуылшы осы жазғы трансферлік кезеңде саудиялық клуб сапын толықтырған еді.