Майкл Шапю “Барысты” сотқа береді
Хоккей
“Барыс” ХК
Канадалық шабуылшы Майкл Шапю “Барыстың” келісімшартты заңсыз бұзғаны үшін Лозаннадағы спорт-арбитраждық сотына шағым түсірмекші, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Алексей Шевченко жазды. Бұған дейін де форвард пен оның агенті астаналық клуб ойыншымен келісімшартты заңсыз бұзып, жарақат алған ойыншыға өтемақы төлемегені үшін ҚХЛ-ға шағымданған. Алайда Лига келісімшарттың ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросында тіркелмегенін, сондықтан ешқандай жаза қолданылмайтынын мәлімдеген.