Роналду мен Мессидің әлеуметтік желідегі бір постының құны белгілі болды

Роналду мен Мессидің әлеуметтік желідегі бір постының құны белгілі болды
Футбол

Instagram

“Әл-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі ең қымбат блогер атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

The Sun жазуынша, португалиялық форвард бір жарнамалық посты үшін 2,2 млн еуро пайда табады. Осылайша, ол бір посты үшін 1,7 млн еуро алатын америкалық модель Кайли Дженнерді басып озды.

Жарнама құны қымбат блогерлер үштігін аргентиналық Лионель Месси түйіндеді. “Интер Майами” шабуылшысы бір постының құны - 1,52 млн еуро.