“Барыс” жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу өткізді

“Барыс” жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу өткізді
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” жанкүйерлер мен БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Астаналық команданың жаңарған құрамы бірнеше жаттығу жасады, ал кейіннен клуб жүйесі ойыншылары қатысқан екіжақты матч өтті. Мыңға жуық адам қатысқан ашық жаттығу соңында фанклуб өкілдері командаға тілектерін айтып, жылы лебіздерін жеткізді. Дәстүрлі ортақ суретке түсумен шара нүктесі қойылды. “Барысқа” қайта оралған, әзірге жеке жоспар бойынша дайындық жүргізіп жатқан Роман Старченко БАҚ өкілдерімен тілдесті. 

- Қызықты шара. Жанкүйерлер команданы жаңа маусымда қыркүйекте ғана көреді, сондықтан дұрыс шешім деп ойлаймын. Алда бір ай дайындық пен екі турнир бар, ал қыркүйектің басында «Барыс-Аренада» қайта қауышамыз.