УЕФА “Ювентусты” Еурокубоктардан шеттетті

УЕФА “Ювентусты” Еурокубоктардан шеттетті
Футбол

УЕФА туриндік “Ювентусты” бір жылға барлық еуропалық турнирлерден шеттетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Осылайша, “Ювентус” 2023/2024 жылдар маусымында Конференция лигасында бақ сынамайды. Одан өзге, клуб 20 мон еуро көлемінде айыппұл төлейді. 

Бұған УЕФА-ның 2022 жылғы желтоқсан айында клубтағы қаржы есебін тексеру жұмыстары нәтижесі мен фэйр-плей ережесін бұзғаны анықталуы себеп болып отыр.