Мбаппе бас тартқан “Әл-Хиляль” жаңа трансферге көз тікті

Мбаппе бас тартқан “Әл-Хиляль” жаңа трансферге көз тікті
Футбол

Getty Images

“ПСЖ” шабуылшысы Килиан Мбаппе ойыншысы атанудан бас тартқан “Әл-Хиляль”

жаңа трансферге көз тікті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Журналист Лоик Танзидің жазуынша, “Әл-Хиляль” басшылығы “Наполидің” нигериялық форварды Виктор Осимхенге келісімшарт ұсынып көрмекші. “Наполи” президенті Аурелио Де Лаурентистің ойыншы үшін 150 млн еуродан кем қаржы сұрамайтыны белгілі. 

2022/23 жыллар маусымында Виктор Осимхен “Наполи” сапында 39 матчқа қатысып, 31 гол мен 4 нәтижелі пасты еншісіне жазды.