Бензема саудиялық клубтағы дебюттік матчын өткізіп, гол соқты

Бензема саудиялық клубтағы дебюттік матчын өткізіп, гол соқты
Футбол

Getty Images

Франциялық шабуылшы Карим Бензема “Әл-Иттихад” құрамындағы дебюттік матчын өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пасты еншісіне жазды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Карим Бензема Араб чемпиондарының кубогы матчының 55-минутында “Эсперанс” қақпасын дәл көздеп, өзінің жаңа клубы сапындағы дебюттік голын соқты. Әрі бұл гол “Әл-Иттихадқа” жеңіс сыйлады. Сонымен қатар, ойынның 35-минутында ол әріптесінің гол соғуына жағдай жасап, нәтижелі пастың авторы атанды.

Еске салайық, Карим Бензема “Әл-Иттихадқа” мадридтік “Реал” сапынан ауысып келді.