Анна Данилина Гамбургтегі жарыстың финалына шықты

Анна Данилина Гамбургтегі жарыстың финалына шықты
Теннис

Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Гамбургте өтіп жатқан WTA 250 жарысының финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Германиядағы турнирде ресейлік Александра Пановамен өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның үздік теннисшісі жартылай финалда италиялық Анжелика Морателли - Камилла Розателло дуэтін 3:6, 7:6 (7:5), 10:3 есебімен жеңді. 

Отандасымыз чемпиондық атақты чехиялық-ресейлік жұп Мириам Колодзиэева - Анжела Куликовпен сарапқа салады.