ҚХЛ Шапюдің келісімшартына қатысты жауап берді

ҚХЛ Шапюдің келісімшартына қатысты жауап берді
Хоккей

“Барыс” ХК

Майкл Шапюдің “Барыспен” жаңа маусымға жасасқан келісімшарты клуб дәрігерінің келісімі болмағандықтан, ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросында тіркелмеген, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

- ҚХЛ хоккейшісі келісімшарты стандартты формасының бір бөлігінде клуб дәрігерінің медициналық тексеріс бойынша жасаған қорытындысы міндетті түрде болуы керек. Команда дәрігерінің қорытындысы болмаса, хоккейшінің келісімшартын тіркеу мүмкін емес. Майкл Шапюдің жағдайында бұл процесс өткізілмегендіктен, келісімшарт ҚХЛ Орталық ақпараттық бюросында тіркелген жоқ. Салдарында “Барыс” келісімшартты тіркеуге берген өтінімін қайтып алды”, - деп жазды ҚХЛ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше Майкл Шапюдің агенті Алеша Пилко “Барыс” келісімшартты заңсыз бұзды деп Лигаға шағым түсірген еді.