Джокович бір жарым жылдан кейін мансабын аяқтауы мүмкін

Джокович бір жарым жылдан кейін мансабын аяқтауы мүмкін
Теннис

Getty Images

“Үлкен дулыға” турнирлерінің 23 дүркін чемпионы Новак Джоковичтің әкесі Срджан Джокович ұлының мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ол менің үмітімді осыдан жеті-сегіз жвл бұрын ақтап қойған. Одан әрі қарай болған дүниенің барлығы - бізге берілген үлкен сыйлық. Теннис - оның өмірінің бір бөлігі, мансабын аяқтағаннан кейін корттан тыс та дүниеде біраз жетістікке жетеді деп сенемін. Үлкен тенниспен келер жылы не бір жарым жылдан соң қоштасатын болар. 
Әке ретіндегі тілегім - осынау күрделі де құрбандықты талап ететін спорт түрімен айналысуын тоқтатуы. Теннис ақыл пен дененің әрдайым бірдей жұмыс істеуін талап етеді, ол 30 жыл көлемінде бар назарын осы спортқа бөлді, басқа нәрселерге көңіл бөлетін уақыты болған жоқ ”, - деді Джоковичтің әкесі Новак туралы түсірілген деректі фильмде.