Шапюдің агенті: “Барыс” келісімшартты заңсыз бұзды

Хоккей
“Барыс” ХК
Шабуылшы Майкл Шапюдің агенті Алеша Пилко “Барыстың” ойыншымен келісімшартты заңсыз бұзғанын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
“Өткен жылы Майкл жарақат алып, оған ота жасау керектігі анықталған кезде, “Барыспен” жаңа келісімшарт жасасу үшін үш жалақыдан бас тарттық.
Біріншіден, клуб спортшының денсаулығы жайында ақпаратты ашық жарияламауы керек. Екіншіден, мұндай оталардан кейінгі оңалтуға төрт-алты ай аралығында уақыт керек.
Біз Майклдың жағдайы мен оның қалыпқа келу уақыты туралы клубқа үнемі ақпарат беріп отырдық. Қазіргі таңда лигаға хоккейшімен келісімшарттың заңсыз түрде бұзылғанын растауға және оны жарақат алған ойыншылар қатарына қосуға өтінім бердік”, - деді шабуылшының агенті.
Еске салайық, бұған дейін “Барыс” баспасөз қызметі Майкл Шапюмен бір жылға жасалған жаңа келісімшарт өтемақысыз бұзылғанын мәлімдеген болатын.