Мбаппе Парижге келген “Әл-Хилаль” басшыларымен сөйлесуден бас тартқан

Мбаппе Парижге келген “Әл-Хилаль” басшыларымен сөйлесуден бас тартқан
Футбол

Чемпионат.com

“ПСЖ” шабуылшысы Килиан Мбаппе саудиялық “Әл-Хилальдің” Партжге келген делегациясымен сөйлесуден бас тартқан, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

L’Equipe басылымының жазуынша, саудиялық клуб өкілдері Мбаппенің “Әл-Хилальге” ауысу мүмкіндігін талқылау үшін Парижге арнайы келген. Алайда кездесу болмаған. Мбаппе Сауд Арабиясы чемпионатына ауысу нұсқасына шындап қарамаған көрінеді.

Еске салайық, Килиан Мбаппе “ПСЖ-ның” Жапониядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысатын құрамынан шығарылды. БАҚ көздері мәліметінше, ол трансферге қойылған. 

Өткен маусымда Мбаппе париждік клуб сапында 34 матч өткізіп, 29 гол және 5 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.