ҰХЛ хоккейшісі ресейлік клубпен жаттығуды бастады

ҰХЛ хоккейшісі ресейлік клубпен жаттығуды бастады
Хоккей

Қақпашы Антон Худобин красноярскілік “Сокол” клубымен жаттығуды бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

“Хоккейная правда” Telegram арнасының жазуынша, минскілік “Динамо” қақпашыға қызығушылық танытып отыр. Әзірге Бүкілресейлік хоккей лигасы командасымен жаттығып жатқанымен, Антон Худобин ҚХЛ-да өнер көрсеткісі келеді. Сонымен қатар, қақпашыны қатарына қосуға “Лада” да ниетті болған. 

Өскеменнің тумасы өткен маусым барысында “Далластан” “Чикагоға” ауысқан. Ол “Блэкхокс” құрамында бір матч өткізіп, “Вашингтонның” өз қақпасына алты шайба соғуына мүмкіндік берді.