“Барыс” Майкл Шапюмен келісімді бұзды

“Барыс” Майкл Шапюмен келісімді бұзды
Хоккей

“Барыс” ХК

Елордалық “Барыс” шабуылшы Майкл Шапюмен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Жаңа келісімшартқа қол қойған кезде Шапю отадан кейінгі оңалту кезеңінен өтіп, оқу-жаттығу жиындары басталғанда клуб сапына келіп қосылады деген келісім болған. Өкінішке қарай, Майклдың толық қалпына келуіне жоспардағы уақыттан көбірек керек. Сондықтан шабуылшымен келісімшарт өтемақысыз бұзылды”, - деп жазылған клуб мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Майкл Шапюмен жаңа бір жылдық келісімшартқа маусым айының соңында қол қойылған болатын. Өткен маусым барысында командағы қосылған форвард “Барыс” сапында жалпы 10 матч өткізіп, үш шайба соққан еді.