Мбаппе өкілдері “Әл-Хилальмен” келіссөз жүргізуді бастады
Getty Images
“ПСЖ” шабуылшысы Килиан Мбаппе өкілдері саудиялық “Әл-Хилальмен” келіссөз жүргізуді бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
AS жазуынша, екі тарап қаржылық мәселеден бөлек, келісімшарт мерзімін де талқылап жатыр. Өйткені, клуб екі жылға арналған келісім ұсынса, Мбаппе біржылдық келісімшарт жасасуды қалап отыр.
Осы келісімге Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры 700 млн еуро жұмсауға дайын екендіктері туралы да ақпарат бар.
Еске салайық, Мбаппенің “ПСЖ-мен” келісімшарты 2024 жылы аяқталады. Бірақ франциялық клуб оны тегін, яғни бос агент ретінде жібермес үшін биыл сатуды
жоспарлап отыр.
Килиан Мбаппе “ПСЖ-ның” Жапонияда өткізетін маусым алдындағы дайындығына қатысатын құрамнан шығарылғаны белгілі болған еді. Кейбір БАҚ көздері жазуынша, клуб оны трансферлер қатарына қосқан.
2022/23 жылдар маусымында Килиан Мбаппе 34 матчқа қатысып, 29 гол және 5 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.