Месси “Интер Майами” сапындағы алғашқы дублін жасады

Месси “Интер Майами” сапындағы алғашқы дублін жасады
Футбол

Getty Images

Америкада Лигалар Кубогы екінші турының матчы өтіп, өз алаңында “Атланта Юнайтедті” қабылдаған “Интер Майами” 4:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси матчтың 8-минутында есеп ашса, 22-минутында дубль авторы атанып үлгерді. Сонымен қатар, ойындағы соңғы голда да Мессидің үлесі бар. Ол финляндиялық жартылай қорғаушы Роберт Тейлордың гол соғуына жағдай жасап берді. 

Айта кетейік, бұл - Лео Мессидің “Интер Майами” сапындағы екінші матчы. Ол өткен аптада америкалық клуб құрамындағы дебюттік матчын өткізіп, “Крус Асульге” қарсы ойында нәтижелі соққы авторы атанған еді.