Никита Михайлис жаңа командаластары соққысының “астында қалды”

Никита Михайлис жаңа командаластары соққысының “астында қалды”
Хоккей

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис жаңа командаластары соққысының “астында қалды”, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Форвардтың жаңа клубы магнитогорскілік “Металлург” өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ойыншылардың жаттығу барысында бір-бірімен жұдырықтасып жатқан видеосын жариялады. Сол видеода қазақ хоккейшісі әріптестері соққысының “астында қалған”. 

Еске салайық, Никита Михайлис магнитогорскілік “Металлургпен” бір жылдық келісімшартқа қол қойған еді.