Тағы бір қазақ хоккейшісі ресейлік клубтан кетті

Тағы бір қазақ хоккейшісі ресейлік клубтан кетті
Хоккей

Ольга Бугаева

Қазақ хоккейшісі Артем Королев ресейлік клубтан кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Shaiba.kz сайтының жазуынша, қорғаушы Артем Королев келер маусымда ресейлік “Норильск” клубы құрамында өнер көрсетпейді. Ойыншы құқықтары “Номадқа” тиесілі. 

Өткен маусымда 21 жастағы қорғаушы “Номад” құрамында ойнап, Қазақстан чемпионаты 53 матчында 21 (5+16) ұпай олжалаған еді. 

Сонымен қатар, хоккейші Лейк-Плэсидте өткен Универсиада мен элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнады.