Саян Данияр маусым басталмай, ресейлік клубтан кетіп қалды

Саян Данияр маусым басталмай, ресейлік клубтан кетіп қалды
Хоккей

Осы жазда Бүкілресейлік хоккей лигасы командасымен келісімшарт жасасқан Саян Данияр клубтан кетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Shaiba.kz жазуынша, Саян Данияр мен “Тамбов” арадағы келісімшартты бұзған. Ал форвардтың құқықтары “Сарыарқаға” тиесілі.

Өткен маусымда 24 жастағы шабуылшы Қазақстан чемпионатында 39 матч өткізіп, 26 (13+13) ұпай еншіледі. Ал плей-оффтың 7 ойынында 3 (1+2) ұпайды қанжығасына байлады.