Германиядағы басты дода: Көркем гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды

Германиядағы басты дода: Көркем гимнастикадан ел намысын кімдер қорғайды
Басқа

ҰОК

Қазақстанның көркем гимнастика шеберлері Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Халықаралық гимнастика федерациясы жариялаған алдын ала мәлімдемеге сәйкес, дүбірлі додада ел намысын жекелей сында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы қорғайды. Ал көпшілік тағатсыздана күтетін топтық жаттығулар бәсекесінде кілемге Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Aида Хәкімжанова шығады.

Айта кетейік, планетаның ең мықты гимнастшылары бас қосатын әлемдік біріншілік үстіміздегі жылдың 12–16 тамыз аралығында жалауын желбіретеді.