Роналду Nike-пен келісімшартынан айырылуы мүмкін

Роналду Nike-пен келісімшартынан айырылуы мүмкін
Футбол

Getty Images

“Әл-Наср” мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Nike брендімен келісімшартынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Daily Mail жазуынша, “Сельтамен” жолдастық матч барысында Роналду алаңға Adidas-тың щиткиімен шыққан. Ал Adidas америкалық бренд Nike-тың басты қарсыласы екені белгілі. Осылайша, Криштиану Роналду Nike-пен келісімшартының шарттарын бұзған болуы мүмкін. 

Ал Роналуддың америкалық брендпен қазіргі келісімшарты 10 жылға шақталған. Осы келісімшарт негізінде 170 млн еуро көлемінде табыс табады. 38 жастағы португалиялық шабуылшы 20 жыл көлемінде Nike-пен жұмыс істеп келеді.