Мессидің тағы бір экс-әріптесі “Интер Майамиге” ауысуы мүмкін
Футбол
Getty Images
Испаниялық жартылай қорғаушы Андрес Иньеста мансабын “Интер Майамиде” жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Offsider хабарлауынша, 39 жастағы ойыншы MLS клубымен келісімшарт жасасуға келіскен көрінеді.
Бұған дейін “Интер Майамиге” Иньестаның экс-әріптестері Лионель Месси мен Серхио Бускетс ауысқан.
Андрес Иньеста соңғы жылдары жапониялық “Виссел Кобе” командасында өнер көрсетті. Ол жапониялық командаға 2018 жылы “Барселонадан” бос агент ретінде ауысқан еді.
Өткен маусымда Иньеста 6 матчқа қатысып, ұпай олжалай алған жоқ. 5 жыл ішінде испаниялық жартылай қорғаушы “Виссел Кобемен” бірге Жапония Кубогы мен Суперкубогы иегері атанды.