Роналдудың командасы “Бенфикадан” ірі есеппен жеңілді

Роналдудың командасы “Бенфикадан” ірі есеппен жеңілді
Футбол

Саудиялық “Әл-Наср” мен португалиялық “Бенфика” арасындағы жолдастық кездесуде Роналдудың командасы ірі есеппен жеңіліс тапты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Португалияда өткен жолдастық матч 4:1 есебімен “Бенфика” пайдасына шешілді. Команда сапынан Гонсалу Рамуш дубль авторы атанса, Анхель Ди Мария мен Андреас Шельдеруп бір голдан өз есептеріне жазды. Ал саудиялық клуб құрамынан Халид Әл-Ганнам ғана нәтижелі соққымен көзге түсті.

”Әл-Наср” үздігі Криштиану Роналду нәтижелі ойын көрсете алған жоқ, сонымен қатар ол ойынның 84-минутында алмастырылды.