Никита Михайлис “Металлург” қатарына қосылды

Никита Михайлис “Металлург” қатарына қосылды
Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис магнитогорскілік “Металлург” құрамына келіп қосылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

27 жастағы форвард мамыр айының соңында магнитогорскілік клубпен бір жылға келісімшарт жасасқан. 

Мансабының көп бөлігін “Барыста” өткізген Никита Михайлис өткен маусымда 58 ойынға қатысып, 41 (15+26) ұпай еншілеген еді.