Қазақстанның бірінші ракеткасы Будапештегі бәсекені аяқтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Будапештегі бәсекені аяқтады
Теннис

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Будапештегә WTA 250 жарысының бірінші кезеңінен әрі аса алмады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Норвегиялық Ульрике Эйкеримен жұп болып өнер көрсетіп жатқан теннисшіміз жарыстың алғашқы айналымында ресейлік-украиналық дуэт Валерия Страхова мен Алена Фоминаға қарсы ойнап, 3:6, 6:3, 5:10 есебімен жеңіліс тапты. 

Матч 1 сағат 32 минутқа жалғасқанын айта кетейік.