“Номад” құрамы жаңа қақпашымен толықты
Хоккей
Хоккейден өткен жылғы Қазақстан чемпионы атанған “Номад” құрамы жаңа қақпашымен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Shaiba.kz сайтының жазуынша, Сәлім Базарбеков келер маусымда “Номад” сапында өнер көрсетеді.
Ойыншы “Астана” хоккей клубының тәрбиеленушісі. 23 жастағы қақпашв өткен маусымда атыраулық “Бейбарыста” ойнаған. Қазақстан чемпионаты тұрақты маусымында ол 20 матч өткізіп, 2.74 сенімділік коэффициентін көрсеткен, ал соққыларды кері қайтару көрсеткіші - 90.4.