"Барыстың" жаңа ойыншысы Астанаға келіп, бауырсақ пен қымыздан дәм татты

Хоккей

Instagram.com/barys_official

Елордалық "Барыстың" жаңа ойыншысы Давид Скленичка Астанаға келіп, бауырсақ пен қымыздан дәм татты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Шілде айының басында астаналық клуб чехиялық қорғаушымен келісімшарт жасасқанын мәлімдеген. Хоккейшімен жасалған біржақты келісім бр жылға шақталған. 

Айта кетейік, 2022 жылы Давид Скленичка Чехия құрамасымен бірге әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Ол өткен маусымда швециялық "Брюнес" құрамында өнер көрсетіп, 55 матчта 33 (7+26) ұпай олжалаған еді.