"Барыс" медициналық тексерістен өтті

Хоккей

"Барыс" ХК

Елордалық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымына дайындықты бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Команда кеше, 17 шілдеден бастап медициналық тексерістен өтуді бастад. Бұл процесс екі күнге жалғасады. Одан кейін Андрей Скабелка шәкірттері 19 шілде күні тестер тапсырады. Ал 20 шілдеден бастап команда оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңін бастайды. 

"Барыс" маусым алдында Қазанда өтетін TANECO Кубогы мен Омбыдағы турнирде бақ сынайды.

Айта кетейік, елордалық клуб 2023/24 жылдар маусымын 2 қыркүйек күні өз айдынында "Салават Юлаевқа" қарсы матчпен бастайды.