Елена Рыбакина Соболенкоға "есе жіберді"
Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылғы Уимблдон турнирі әйелдер арасындағы жекелей сынында үздік нәтиже көрсеткен теннисшілер қатарына ееді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Meta-ratings.kz жазуынша, Елена Рыбакина допты ойынға 120 миль/сағ (193,1 км/сағ) жылдамдықпен қосқан. Бұл - турнирдегі екіншә үздік нәтиже. Аталған көрсеткіште бірінші орынды белорусиялық Арина Соболенко алды - 121 миль/сағ. Ал үздік үштікті 120 миль/сағ жылдамдықпен допты ойынға қосқан америкалық Кори Гауфф түйіндеді.
Еске салайық, әлемнің үшінші ракеткасы отандасымыз Елена Рыбакина биылғы Уимблдон бәсекесін ширек финалда аяқтады. Ол тунистік Онс Жаберден жеңіліп, жартылай финалға бір табан жақын қалғанда сүрінді.