Криштиану Роналду Еуропа лигаларына қайта оралмайтынын мәлімдеді

Криштиану Роналду Еуропа лигаларына қайта оралмайтынын мәлімдеді
Футбол

“Әл-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропа лигаларына қайта оралмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ешбір еуропалық клубқа қайта бармайтыныма 100% сенімдімін. Сауд Арабиясы лигасына жол аштым және енді барлық ойыншылар осында келіп жатыр. Жасым 38-де, еуропалық футболдың сапасы тым төмендеп кетті… Тек АПЛ ғана басқа лигалардан бір бас жрғары тұр”, - деп жазады Роналдудың сөзін Фабрицио Романо.

Еске салайық, Криштиану Роналду “Әл-Наср” құрамын 2023 жылдың басында толықтырған. Биылғы жазғы трансферлік кезеңде әлемнің үздік футболшылары саудиялық клубтар ойыншысы атанды.