Уимблдон: финалда ракеткасын сындырған Джоковичке қанша айыппұл салынды

Уимблдон: финалда ракеткасын сындырған Джоковичке қанша айыппұл салынды
Теннис

Shutterstock

“Үлкен дулыға” жарыстарының 23 дүркін жеңімпазы Новак Джоковичтің Уимблдон финалында сындырған ракеткасы үшін қанша айыппұл төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Daily Mail журналисі Майк Диксонның жазуынша, эмоциясын тізгіндей алмаған Джоковичке 8 мың долла көлемінде айыппұл салынған. 

Айта кетейік, Джокович матчтың бесінші сетінде ракеткасын сындырған болатын. Жалпы, Уимблдондағы өнері үшін сербиялық теннисші 1,49 млн доллар пайда тапты.