Хоккей: Қазақстандық қақпашы 40 күннен кейін өзбекстандық клубтан кетіп қалды

Хоккей: Қазақстандық қақпашы 40 күннен кейін өзбекстандық клубтан кетіп қалды
Хоккей

Қазақстандық қақпашы Денис Каратаев өзбекстандық “Хумо” хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы өзбекстандық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Денис Каратаев “Хумомен” 7 маусым күні келісімшарт жасасқан еді. Алайда араға тура 40 күн салып қақпашының командадан кеткені анықталды. 

Еске салайық, Денис Каратаев өткен маусымда қарағандылық “Сарыарқа” құрамында өнер көрсеткен еді.