Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды
Теннис

Әйел теннисшілер қауымдастығы (WTA) жаңа дүниежүзілік рейтингті жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің үздік үштігіндегі орнын сақтап қалды. Қазір оның қоржынында 5465 ұпай бар. Сонымен қатар, дүниежүзілік рейтингтегі бірінші және екінші орында тұрған теннисшілер де өзгеріссіз қалды. Көш басын польшалық Ига Швентек бастап тұрса, екінші орында Арина Соболенко келеді. 

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева болса, 60-орынға табан тіреді.