Әлемнің 42-ракеткасы Уимблдон чемпионы атанды

Әлемнің 42-ракеткасы Уимблдон чемпионы атанды
Теннис

Wimbledon

Теннистен 2023 жылғы Уимблдон турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынының финалы мәресіне жетті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Чемпиондық атақ үшін әлемнің 6-ракеткасы Онс Жабер мен чехиялық Маркета Вондроушева (WTA рейтингінде 42-орын) таласты. 1 сағат 21 минутқа созылған финалдық матчта чехиялық теннисші екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша, Маркета Вондроушева мансабында алғаш рет “Үлкен дулыға” жарысының чемпионы атанды. Осы жеңісі үшін 2000 рейтингілік ұпай алатын ол дүйсенбі, 17 шілдеден бастап әлемнің үздік ондығына енеді.