Новак Джокович абсолютті рекордқа қол жеткізді

Новак Джокович абсолютті рекордқа қол жеткізді
Теннис

Getty Images

Сербиялық теннисші Новак Джокович мансабында тоғызыншы рет Уимблдон финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл Новактың “Үлкен дулыға” турнирлеріндегі 35-ші финалы болмақ. Ал бұл өз кезегінде ерлер мен әйелдер теннисіндегі абсолютті рекорд. 

Әйелдер арасында америкалық Крис Эверт 34 финалда өнер көрсетсе, Серена Уильямс 33 рет чемпиондық атаққа таласқан. Мартина Навратилованың еншісінде 32 финалдық матч болса, Штеффи Граф 31 шешуші ойында сынға түскен. Ерлер арасында Роджер Федерер 31 рет финалда бақ сынаса, испаниялық Рафаэль Надаль 30 мәрте чемпиондық таласқан.

Еске салайық, Новак Джокович - Уимблдонның жеті дүркін чемпионы. Ол ертең, 16 шілде күні испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнайды.