“Барыс” Абай Маңғысбаевпен келісімшарт жасасты

“Барыс” Абай Маңғысбаевпен келісімшарт жасасты
Хоккей

“Барыс” хоккей клубы Абай Маңғысбаевпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Екіжақты келісімшарт екі маусымға 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

Маңғысбаев 2017 жылдан бері “Барыс” жүйесінде өнер көрсетіп келеді (2019/20 жылдар маусымын есепке алмағанда). Өткен маусымда шабуылшы “Номад” құрамында 36 кездесу өткізіп (плей-оффты қоса алғанда), 5 (3+2) ұпай олжалады. Мамырда Абай элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасады.