15 жастағы қазақ қызы WTA 250 турнирінде бақ сынайды

15 жастағы қазақ қызы WTA 250 турнирінде бақ сынайды
Теннис

15 жастағы қазақтың жас теннисшісі Зара Дәркен алғаш рнт WTA 250 турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

17-23 шілде аралығында Италияның Палермо қаласында өтетін турнирдің іріктеу сайыстары алғашқы айналымында отандасымыз нидерландтық Ева Веддермен сынға түседі. 

ITF жасөспірімдер рейтингісінде 824-орында тұрған Зара Дәркен жарыс ұйымдастырушыларынан турнирге қатысуға арнайы шақырту - wild card алған. 

Айта кетейік, Италиядағы бәсекенің жүлде қоры - 259 мың доллар.